Ақан Сері - Әдебиет - Қазақша рефераттар - Referatik.kz - Referatik.kz - Қазақша рефераттар | Курстық жұмыстар
Referatik.kz
Пойск  
Главная страница | Форум | Новости | Файлы | ЕНТ / ПГК-ға дайындық | Поиск по сайту
» Меню сайта
» Новости
Загружается, подождите...
» Кітапхана
» Кітапхана
» Статистика

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0
» Друзья сайта
  • Қазақша рефераттар
  • Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әдебиет

    Ақан Сері
    Скачать работу

    Загружаем единицы на ваш сотовый за рефераты!!!
    24.11.2009, 19:45

    Ақан Сері.

    Өткен ғасырдын 70-ші жылдардың аяқ кезі. Жиырмадан астам жігіт ,бәрінің астында таң асырып,қамшыдай қатқан жарау аттар тобын жазбай суыт жүріп келеді. Біресе аяндап,біресе желіп,бір мезгіл аттың васын жіберіп,жарысып келеді. Бірақ ұзақ шаппайды. Өйткені бұлардың алдында әлі аттың күшін сынайтын уақыт бар.

       Бұл топ осылай бір жылғаға келіп, аттарын қаңтарып қойып отырды.Қырға  жаяу шығып    баспалап қарап тұрған жігіт қайта жүгіріп, аттаныңдар дегендей белгі берді.Өзі де,келіп тез атына қонды. Салтатты жолаушы жол іздей ме, төтеліп, маңдайы Сырымбеттің тауында сауыт келе жатқан бір-екі атты адамдар бұларға жақындап қалды. Ә дегенше біржігіт барып қыздың мінген атының шылбырын қолына орап алды да шаба жөнелді. Есілге қарай бет алып, қыз орталарында, жігіттер дабырласып келеді.

        Дауыс естілмейді жер жүргенсін басқа жігіттер оқшаурақ шықты да, қыздың қасына басында қамшақ бөркі бар, бұтында барқыт шалбар, үстінде бешбет, сыртынан киген шұға желбегей, ортадан жоғарырақ бойы бар, қызыл шырыйлы, мңдайы кең, қыр мұрынды, шйратылған әсем мұрты бар, көзі өткір, кішіректеу, ұзын кірпікті, сұлу денелі жігіт астындағы қара аттының басын тежеп, жақын келді. Жігіт көңілді, ойындағы мұратына жеткен дей, қызға қараған сайын күлкісі келеді. әйелдің жолы тар болғанға ма, басқа себебі бар ма, жігіттің айтқан қалжыңына жүре жауап беріп, бір нәрсеге риза болмағандай кейіп білдіреді.

      Ойлағандары орнына келіп, көңілдері толған жігіттер мәз- майрам болып, гүілдесіп, бірінің сөзін бірі іліп алып, қызды қалай тартып алып кеткенін айтып мақтанумен болды. Шәй, қымыз ішіп, демалып, кеу-кеулесіп отырғанда бұлардың баяғы өкше ізі жақтан бір топ аттының құйғытып келе жатқаны көрінді. Жалма-жан бұлар да аттарына мініп, қуғыншыны тосып алуға дайындалды. Жігіттер тобын жазбай келе жатқандар ды  кес-кестеп алдынан шаба берген де, үйлердің тасасы мен қыз бен жігіт бір атқа мінгесіп қаша жөнелді. Ауыл жігіттерінің арасында қыздың жоқ екенін білген қуғыншыла, бұларды тастай бере, алыстан көрінген шаңды бетке алып, қуып берді. Қыз бен жігіт Есілдің бір өткел бермейтін Сарыми деген түбегінің тұсына келген де, қуғыншылар да тақалып қалды. Сонда « Сен елдің ардагерісің, мен болсам көп қыздың бірімін.Қуғыншылар жетсе сені аямайды , сен аман болуын керек. Дәм жазса тағы көрерміз, жау қолында қалсам мен қалайын, азар балса қйнар, сен мына судан жүзіп өт, екі адамды ат көтере алмайды»дейді қыз. Жігіт Есілден жүзіп өтіп, құтылып кетеді. Қыз қуғыншылар қолында қалады..

         Қыз-белгілі сұлу Ақтоқты да, жігіт-арқаның ардагер ақын, әншісі Ақан сері еді. Ауыл әдетінің көптеген жасанды әдеттерін аяққа басып, сүйгенін аламын деп, Еркімбай деген жездесінің үйінен қайтып келе жатқан Ақтотынының жолын тосып, тартып алып, бірақ қара күшке төтеп бере алмай, сүйгенінен тірі айрылған Ақан сері:

                   Ақтоқты, қалғаныңба шыныңменен,

                  Бал бердің талай жерде тіліңменен.

                 Басыңды Сарымида кесіп алып,

                Өлгенше даулассамшы құныңменен, -

    Деп басқаға бұйыртқанша өлтіріп-ақ кетпеген екенмін деп өкінеді. Ақтотыны әкесі «ақ батамен» атастырған жеріне ұзатады. Ақанның есінен Ақтоқты өмірбойы шықпайды. Ақтоты әңгімесі Ақан тарихында үлкен орын алады. Ақанның өмірі «қарлы-боранды», «жауын-шашынды» болып өтеді.

        Ақан сері   1843 жылдар шамасында осы күнгі Көкшетау облысы, Айыртау ауданы, Қоскөл деген жерде туған. Әкесі Қорамса- Арғын ішінде Қарауыл Қорамсадан: Айша, Ақан, Мұхамбет, Рамазан, Айберген туады, Ақанның шын аты Ақжігіт кейін, Ақан атанып кеткен. Қорамсаның басқа балалары бұрыңғы ата-дәстүрді қуып, көптің бірі болып жүре береді. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әрнәрсеге әуестігімен көзге түседі. Ауыл малдасы Күнтеу дегеннен оқып хат танйды. Жасы он үшке келгенде Ақан молданың шыбығынан  құтылып, Қызыл жарға тартып кетеді. Онда Уалиахұн дегеннің медресесінде екі-үш жыл оқиды. Қалада жүрген соң орысша біле басайды. Ақ-қараны таныған сайын медресе оқуы болашақсыз болып көрінді. Орыс мәдениетімен тайаз түрде болса да танысу, Ақанның тек өміріне емес,ғ шығармашылық жолына да белгілі әсерін тигізді.

    Ақан қызылжардан еліне қайтады. Әкесінің дәулетінің арқасында ол аса кемдік көрмейді. Ақан сол кездің өзінде «шаруаға кем» , басқа «дүние қызығын қуу» жолына түседі. Он алты- он жеті жасынан бастап әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы даусы оны ерте халыққа танытады. Оның үстіне көп адамдардың күйттейтін, дала өмірінің қызығын: жүрік, қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да арманы болады. Ол Көбей еліндегі Шектай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның жаста болса талбына риза болған, оның көптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген өзінің жанына балаған бүркіті Қарторғайды сыйлайды. Сайрат төреден күшік күнінде Базаралы атты тазыны сатып алады. Тағы біреуден көк жендет деген қаршығаны қалап алады. Енді ақан тек әнші, ақын емес даланың жігіті басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі әнші, өзі аңшы, сұлу жігіт, халық арасында тағы тез жайылады.

       Баласының осындай даңқына сай деп әкесі Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбастың қызы Фатимаға құда түседі. Бірақ Фатима Ақанның босағасын аттп үлгермей қайтыс болады. Ақан бұрынғысынша ел аралап, ән салып, құс салып, ит жүгіртіп  жүре берді. Жетпісінші жылдың ортасында Кіші жүзді аралап, өнерін көрсетеді. Міне сол сапардан қайтқанда, әңгіме басында баяндалған Ақтотыға ғашық болып, қосыла алмайды. Жастықтың күші, албырттық кез, бұрын-сонды өмірддің ащы таяғы етіне тимеген Ақан, мойый қоймай, еңсесін жоғары ұстайды. Жанбай сөнген ғашықтығын өлеңдетіп, жанға жайлы келетін «Желдірме»шығармашылық көркемдігі , өзі мен өзі сөйлескен дей:

                     Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

                    Басына түскен жанның көңілі тынық.

                   Торығп сағым  қуған шіркін көңіл,

                  Қара су енді хасірет жатқан тұнып.

    деп, домбыраға қосып әндетеді.

        Айттырған қалындығы әкесінің үйінде қайтыс болғін соң, Ақан біраз ешкімге сөз салмай жүреді. Бірақ қазақ әдеті бойынша он бестен асқансын-ақ шамасы келген  жігіттің бойдақ жүруі сөкет көрінетін есептен, Шомайт қожаның қызы Фатймаға үйленеді. Фатима ақылды, байсалды, көрікті, Ақанға жақсы жолдас болады. Фатима бір ұл, екі қыз тауып, енді Ақанның қайырылып соғар ошақ басы, иіскеп сүйер балалары болады. Он шақты жыл тұрғаннан кейін Фатима ауырып қайтыс болады.  Ақан Қарауыл ішінде Балташы дегенге аттастырылып қойылған Тіналының қызы Ұрқияны алып қашады. Бұл сапарда Ақанның басына түскен өмір салмағы тағы езіп, Ұрқия үш айдан кейін ауырып өледі.             Енді Ақанды ауыр қайғыдан арылтатын тек аты болады. Бұл кездерде баяғы Құлагердің аты Ақанның өзімен бірге шығады.

       Алтай Аққошқар-Сайдалының бес болысқа сауын айтқан ас болатын болып, Орта жүзден небір сайгүліктер дайындалды. Ақан да Құлагерді дайындайды. Үш жүз ат шапқан сол астағы бәйгеде Құлагер жалғыз келеді. Бұл Ақанды көтеріп, Фатиманың, Ұрқианың қайғысын ұмыттырады.Ақан Сайдалының асында озып келгеннен  кейін, жетелеп, ілбітіп жүріп, маңдайын сыйпап, оның маң-маң басқан жүрісінің ырғақымен ән шығарады. Оған өзі «Маңмаңгер» деп ат береді.

             Ақан қайтадан әнге, сейілге оралып, енді-енді еңсесін көтеріп, қантын жаза бергенде тағы аяқ астынан кесел тап болады. Көкжендет атты қаршығасы ауылдан желге қарай ұшып кеткенінен қайтып келмейді. Ақан сияқты нәзік жанды адамға қолында баласындай мәпелеп отырған құсының жоқ болып кеткені қатты батады. Ақан қаршығасына арнап ән шығарады. Ол ән «Көкжендет» атымен ел аузында қалады.

    Қаншама қартайы, пайдадан қала бастаса да, Ақанның талай қуанышқа бөлеген құсының бір түнде өліп қалуы Ақанға қатты батады. Ол аз деп, қасқырға салған уды жеп Базаралы тазы өледі. «Жеті жұт жеті ағайынды» дегендей, Құлагерге өз бетімен шабамын деп жүріп, інісі Әйберген қаза болады. Осылай Ақанның басына ауыр хал үйіліп әншінің өмір салмағын ауырлатады. Мына бір салмақты жеңілдету үшін Ақан, өзінің қолында қалған Құлагер мен ел аралап кетеді. Осы сапарында Ақан Қарауыл Шәкейдің Ыбырайынның қызы Балқаадиша мен кездеседі. Қыздың мінез, түрінің сонша ол қызға арнап, халыққа кең тараған «Балқадиша»  әнін шығарады.

      Осы сапардан еліне келген де оны тағы бір кесел қарсы алағалы тұрады. Ереймен елінде Керей Сағынайдың асы болады. Өзінің де, Құлагердің де жауы барекенін сезген Ақан асқа барғысы келмейді. Бірақ Құлагерді жасырын түрде алып барады. Оны Күаеңбай деген атбегі танып, оны бай балалары Батраш Қотрашқа айтады. Ат арқылы елге танымал болған Ақанның беделін түсіргісі келген, Батраш, Қотраштың адамдары Құлагердің жолын тосып, шоқпар мен  ұрып өлтіредіі. Төбенің басына шығып Құлагерді қарап тұған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге

              Жел болса қамыс басы майда деймін.

             Ат қостым ат айдаушы ада деймін,

              Алдыңғы ат боран болмай, қылаң болды,

             Жығылмаса Құлагер қайда деймін,-

    деп зарлай бастайды. Ақан ойлағандай аттардың ішінде Құлагер жоқ болып шығады. Аласұрып іздеген Ақан сүйікті жүйрігінің беломыртқасы үзіліп, өліп жатқанын көріп, жоқтау айтады. Құлагерді тек мал деп жоқтамайды, оның өлімі Ақанның жанына жара салды.Құлагердің өлімінен кейін Ақан зұлымдық түбінің қайда екенін қараңғыда сиплағандай болса да, іздей бастады. Осыдан келіп «бұл өмір де әділдік жоқ» деген сияқты ойлар басына келіп, біраз уақыт рухани дағдарыста болады.«Жетім қозы тас бауыр, түнігер де отығар» деп Абай айтқандай, арада уақыт өткен соң Ақан шығармашылық бейнесіне қайта түседі. Бұл кездерде  жасы елуге келіп, әр нәрсені болжайтын, өмірден тәжірбиесі бар, ащы-тұщыны тартқан адам болады.

           1913 жыл. Ел жайлаудан келіп, күзекке отырған. Ералының үйі. Төр алдында қалын етіп жайған төсекте ауру Ақан. Ардагер әнші, бірнеше күннен бері тамақ ішпейді. Ақан ауру дегенді естіген адамның келмегені, көңіл сұрамағаны аз. Ауру күннен күнге меңдетеді. Қараша айының аяқ кезінде ардагер әнші, халқын қызыққа бөлеген сері, дарынды ақын, үлкен жүректі адам соңғы рет дем алып, сұлу қара көзін жұмады. Фатимадан қалған ұлы Ыбан мейрімді әкесіне тіс жарып ешнәрсе айта алмай, тек ыңырсыған бірнеше дыбыстар арқылы өзінің жан қайғысын сыртқа шығыарып, Ақанның бетін жәйлап жабады.Ақанның соңында өлеңі, әні, өмірінің шежіресі қалды. Ақан шығармашылығы кеңес композиторларының туындыларында үлкен орын алған. Оның «Құлагері», «Жалбыр», операсындағы «Көкжендеті», «Балқадишасы», «Сырымбеті», «Қараторғай» бірнеше композиторлардың дыбыс үндестігінде аспапты музыка шығармаларында пайдаланылған. Сол сияқты «Мақпал» әні «Ақан сері- Ақтоқты» пьесасына енді.                                                                       

    Ақан әндері: «Балқадиша», «Сырымбет», «Құлагер», «Құлагердің желісі», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Ақтоты», «Алай көк», «Маңмаңгер», «Майда қоңыр», «Көкшетау», «Мақпал», «Ақсаусақ», «Перизат», «Жамал қыз», «Шәмшиқамар», «Көк көбелек», «Әудемжер», «Сәулем – ай», «Кепсер», «Алтыбасар», «ай көке», «Қай дөңге», «Жылқылы бай», «Қараторғай», «Кербезсұлу», «Ақан сері», «Үш тоты құс», «Іңкәр – ай», «Нұрила» т.б.

    Қарторғай

       Ақанның Әлібек батырдан алған Қараторғай атты бүркіті берікерек келгенсін қартайып, қанаты бүтін болған мен құйрығының қауырсыны түсіп, азайып, жерге жақындап келгенде қона алмай біраз уақыт қона алмай жүретін болды. Өйткені халық аузында «Құс қанатымен ұшып,  құйрығымен қонды» деудің белгілі мәні бар мәтел болса керек.Қаратоғай шырылдап, айналғанда қоуға қорқады екен. Шаршап барып жерге жақындап, құйрығымен ешнәрсе істей алмай құлайды. Міне осы аянышты суретті көрген Ақан құсына арнап ән шығарады.

    Міне осы әнді  Е. Брусиловсский аралас хорға арнап өңдейді. Тональдігі – f – moll ( е-moll – варианты бар). Өлшемі 4/4ек жазылу стилі – полифониялық. Құрылымы шумақты – вариациялы. Хор фактурасында лирикадан экспрессияға дейін әр түрлі сезім айқын орын алған Шығарма төрт дауысты аралас хорға жазылған: (С1+С2+А+Т+Б) 

    .Бірінші шумақтағы мұң мен нәзіктік үш дауысты полифонияда көрініс табады. Мұнда басты тақырып (тема)сопрана даусында жүреді, сондықтан қалған партияалар (Т,А) қосылған кезде өз әуендерін айтып, сосын қайта артқа шегініп басты тақырыптың естілуіне жол беріп, партиялар арасында тепе-теңдікті сақтау керек. Сегізінші тактіден кейін ақырын тыныс ала отырып, тоғызыншы тактінің бірінші үлесін  акцентпен көрсету керек:

    Екінші бөлімді талдап көрейік. Басты тақырып тенор даусында жүреді.  Екінші шумақтағы жеке тенор дауыстың ащы, қайғылы баяндауы әйелдер хорының «қиялына» өзгеше рең береді.

    Ал бірінші үлесте партиялары өне бойы орган пунктінде ФА дыбысы мен қосылады, міне осы кезде партиялар арсында теңдікті сақтай отырып, ән үстінде партиялар бірін-бірі естіртпей басып тастамауын қадағалау керек, яғни тенор даустары сәл қаттырақ ал қалған дауыстар фон ретінде жай айтуы керек:

      Ақан, әнші композитор, сері жігіттің сөз шеңбері айта қалғандай кең. Сондықтан ол, жоғарыда айтылғандай, тағы да құсты – Қараторғайды әңгіме ете, әндете отыра, сол арқылы ой түбінде жатқан басқа қиялы арманы қозғалады. Сүйген адамының ауыр тағдыры көз алдына елестейді. Жан жарасының асқынуы аяқталуы жеке дауыстағы жуан дауыстың «Қараторғай, ұштың зорға – ай» сөзінде айқын естіледі. Міне осы сөзді хор дауыстары әсем, лирикалық әуенмен кезектесе әндете орындайды( 22-ші такт). Хор партияларын ән үстінде, бір-бірін естіртпей, басып тастамау керек яғни дыбыстың шығу тең әрі анық болу үшін, партиялар арасында теңдік сақтау керек.   

      Ақан бір кезде қасқырды да алатын қыранын қартайып бір уыс болып, торғайдай болып қалғанын, қона алмай шырылдап, иесінен жәрдем сұрағандай болғанын көріп «бейшара, шырылдайсың жерге қонбай» деп қайырмасында үнемі қайталып отырады. Сезім арпалысындағы квитэссенция үшінші шумақтың үшінші жолынан бастап, жалпы музыкалық дамуы көтеріңкі айтылатын «...бейшара...» сөзіне келгенде шырқау шыңына жетеді. Хорда ән айту кезінде ансамбль  ең басты міндеттің бірі болып саналады,сондықтан « бейшара» бірдей ансамбілді, үнділікті толық динамикалық теңділікті сақтай отырып, дерижорлық қимылды біршама өзгеше қимылмен көсеткен жөн.

    Хорда әннің ырғағы дұрыс, өз ара жарасымды  болып шығуын хор дауыстарының жарасымдылығы яғни хордың стройы деп аталады. Бұл түсінік хордың ең маңызды міндеттерінің бірі болып есептелінеді. Строй деп: әншілердің өз партияларын орындағанда таза айтуын айтамыз. Ол үшін хордың әншілерін интервалдарды  таза айтуға дағдыландыру керек. Шығарма созылмалы, лирикалық болғандықтан мұнда таза, үлкен, кіші интервалдар жиі кездеседі. Үлкен интервалдарды жоғары орындағанда, екінші дыбысты мүмкүншілігінше жоғарырақ, ал төмен орындаған кезде төменірек орындаған дұрыс. Ал орындау кезінде әуен жоғары бара жатса төмендету тендецясымен, төмен бара жатса жоғарлату тенденцясымен айту керек. Мысалы,25-ші такт А1;Б1;дауыстары.Хорда әннің сөзін дұрыс, анық айтқызу хор хор жұмысындағы ең басты міндеттің бірі болып саналады. Бұл дикцияның жақсы жұмыс істеуін талап етеді. Дикция дегеніміз-дыбыс шығарудағы сөйлеу мушелерінің (тіл, ерін, жақ) жетілуі. Әсіресе бір типті дауысты дыбысардың (а, ө, ұ, и, у, ы, е, о)анық айтылуына көп көңіл бөлген дұрыс, бұл бір типті дауысты дыбыстардың бірыңғай құрылуы дауыстардың жақсы шығу жағына, хор ансамбіліне себепкер болады. Шығарма желісінде дауыссыз дыбытардың (қ, к, ш, г, д, ) жеңіл, анық болуына көңіл аудару керек.

     Хор дауыстарының жалпы диапазоны. «Қараторғай» әні адам таңқаларлық терең, жібектей созылған ән тілі бар сөзсіз махаббатпен байланысты, сондықтан негізгі дирижерлық қимыл – legato,бірақта керекті динамикаларды көрсету кезінде, автордың ойын, мақсатын аша білетін көркемдік - мәнерлік  тәсілдерді қолданған жөн. Ал жалпы әуеннің жақсы естілуі әдемі дыбысқа байланысты. Әдемі дыбыс деп – жеңіл, драмалық, поэтикалық, толтырылған дыбысты айтамыз.

     

    Қолданылған әдебиеттер:

    Қыдырбаева Күләш « Дирижерлық шеберлік»

                      Г.А.Дмитревский « Хор және оны басқару»

                    А.Жұбанов « Замана бұл-бұлдары»

                   Ү.Жұмақова «Қазақтың музыкалық әдебиеті»                  

    Категория: Әдебиет | Добавил: AgesSa
    Просмотров: 7390 | Загрузок: 12 | Рейтинг: 3.9/14
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
    » Форма входа
    » NEWS
    » Мини-чат
    » Наш опрос
    Вы...
    Всего ответов: 7646
    SiteMap №1 SiteMap №2 Хостинг от uCoz